Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

29 Қыркүйек 2020, 17:17
4986
Бөлісу:
Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен ШЖҚ «№6 қалалық емхана» МКК-да «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды. 

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

Шараға Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы халықтың қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) қызметкерлері, қала мектептері өкілдері мен жастар қатысты.

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

Жалпы, 2015 жылы негізі қаланған орталықтың көмегіне бүгінгі күнге дейін 10 мыңнан астам жас жеткіншек жүгінген.

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

Жастар денсаулығы орталығының басты мақсаты – жеткіншектер мен жастарға жоғары білікті медициналық-психоәлеуметтік және ақысыз медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы денсаулықты сақтау және жастардың әлеуметтенуіне қолайлы жағдайды қамтамасыз ету. 

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

Бүгінде орталықта жас жеткіншектерге барынша жағдай жасалған.

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

 Орталық консультативтік, құқықтық, медициналық және психологиялық көмек көрсетумен, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алумен, репродуктивті денсаулық сақтау және жас ұрпақтың жауапсыз мінез-құлқының қаупі туралы ақпараттандыру, сондай-ақ, отбасындағы және қоршаған ортадағы мәселелерді шешумен айналысады.

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

БҰҰ Қазақстандағы Халық қорының жыныстық және репродуктивті денсаулығы бойынша ұлттық үйлестірушісі Серік Тәңірбергенов жастардың репродуктивті денсаулығы олар үшін арнайы жағдай жасалған кезде жақсы қамтамасыз етілетінін айтады.

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

Жастар денсаулығы орталықтары – бұл қолжетімділік, ақпейілділік және еріктілік қағидаттарына негізделген жасөспірімдер мен жастарға арналған кеңестер мен қызметтердің халықаралық деңгейде танылған интеграцияланған жүйесі. Біз жасөспірімдерге өте қажет кеңестер мен көмек ала алатын орталықтарды қолдау арқылы жастардың дені сау және бақытты адам болып өсуіне ықпал етеміз. Кез келген мектеп оқушысы, колледж, университет студенті кез келген жағдайда біздің орталыққа келіп кеңес ала алады. Қажет жағдайда ем алады. Біз дәрігерлік құпиялылық сақталатынына кепілдік береміз. Көп жас жеткіншек оның проблемасын ортасы, жақындары біліп қояды деп қорқады. Сөйтіп, ішіне сақтап жүре береді. Мұның соңы жақсылыққа апармайтынын ескеру керек, - дейді ол.
Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

Социологиялық зерттеу көрсеткіштеріне сәйкес, Қазақстандағы 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің үштен бір бөлігі жыныстық белсенді. 

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

Бірақ олардың 91%-ы АИТВ және ЖИТС туралы жеткілікті біліммен қамтамасыз етілмеген. 

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

15-19 жастағылар жыныстық белсенді жастардың 14,8%-ы соңғы 12 айда жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) белгілерінің кем дегенде біреуінің болғанын жеткізген. 

Алайда, олардың көпшілігі (62,6%) медициналық мекемелерге көмекке жүгінбеген. 

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

Сонымен қатар 2011-2018 жылдар аралығында Қазақстада АИТВ-ға шалдыққандар санының 106%-ға өсуі тіркелді.

Болашақта Жастар денсаулығы орталықтарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін орталық қызметкерлерін стандарттау бойынша қосымша жұмыс жүргізу қажет. 

Орталықтардың кеңес беру-сауықтыру жұмыстары бірыңғай стандарттау жүйесіне өтіп, оңтайландырылады. 

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

Бұл стандарттар орталықтың көмегіне жүгінген жастардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға, Жастар денсаулығы орталықтарына қаржыландырудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет.

Елордалық емханада «Жас талап» жастар денсаулығы орталығы ашылды

Өзгелердің жаңалығы