Жас суретшілер Ертіс жағалауының көрінісін салды

24 Шілде 2022, 15:20
1252
Бөлісу:
Жас суретшілер Ертіс жағалауының көрінісін салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ертіс пен Есіл арасында» халықаралық жобасы аясында  География үйінің қолдауымен «Көшпенділер» теплоходында Ертіс өзені бойынша пленэр өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.


Жобаға Омбы облысы Есілкөл қаласының өнер мектебі және Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі қатысады.
Кездесуге Австрияның Вена қаласынан математика және орыс тілі мұғалімі, лингвист, этнограф, мәдениеттанушы, саяхатшы Камилло Брайлинг қонаққа келді. 

Жас суретшілермен бірге теплоходта География үйі жанындағы «Форватер» жазғы лагеріне қатысушыларының кезекті сабағы өтті. Мектеп педагогы Алтын Қисамиденованың жетекшілігімен жас суретшілер Карина Мұсабаева, Азиза Бауыржан, Елизавета Кущенко, Полина Ромакер пастельмен, түрлі-түсті қарындаштармен және басқа да графикалық материалдармен Ертіс жағалауының көрінісін салды, - дейді білім бөлімінде. 

Павлодар географиялық қоғамының мүшелері лагерь қатысушыларына Ертіс өңірінің тарихы туралы қызықты әңгімелер айтып берді. Саяхаттың соңында қыздар География үйіне өз жұмыстарын сыйға тартты. 

Өзгелердің жаңалығы