Жас сарапшылар клубының отырысы өтті

6 Желтоқсан 2023, 13:22
596
Бөлісу:
Жас сарапшылар клубының  отырысы өтті
Фото: автордан

Бүгін Парламент Сенатының жанындағы Жас сарапшылар клубының «Қазақстанның жаңа экономикалық үлгіге көшуі жағдайында креативті индустрияны дамыту» тақырыбы бойынша отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен отырыста қатысушылар креативті индустрияны дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ отырысқа Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазіргі уақытта креативті индустрия қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауда Қазақстанда креативті индустрияны дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді. Бұл бағытта мемлекеттік органдар құқықтық жағдай қалыптастырып, өңірлерде креативті жобаларды дамытып, өнімдерді коммерцияландыруға көмек көрсетіп, кешенді жұмыс жүргізуге тиіс. Бүгінде еліміздің заңнамасына енгізу үшін бірқатар өзгеріс әзірленіп жатыр. Жалпы қазір саланы одан әрі тиімді дамытуға қажетті негіз қалыптасып келеді. Осы жұмыс аясында депутаттар, мемлекеттік институттар, креативті индустрия өкілдері және сарапшылар арасында нәтижелі диалог қалыптастыру аса маңызды,- деді Сенат Төрағасы.

Отырыс барысында Мәулен Әшімбаев отандық креативті индустрияның дамуы айтарлықтай жоғары екеніне тоқталды. 

Біріншіден, азаматтардың шығармашылық және зияткерлік капиталына негізделгенін де тілге тиек етті.

Бүгінде креативті индустрия саласында жүрген азаматтар үшін практикалық қадамдар маңызды екенін білеміз. Сондықтан біз қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдамас бұрын осы мәселеге тоқталып, өздеріңізбен бірге саланы егжей-тегжей зерделеп алуды жөн көрдік. Қазір Парламенттің бір топ депутаты «Мәдениет туралы» және «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін пысықтауда. Осы орайда сенаторлар креативті индустрияны дамыту мәселесі бойынша бірқатар кездесу өткізді. Алдағы уақытта соның нәтижелері бойынша тиісті ұсыныстар дайындайды, – деді Санат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Ал Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева креативті индустрия саласын дамытуға арналған кешенді шаралар мен стартап-жобаларды айтты. Креатривті индустрия бығытында ірі қалалардан өңірлерге қарай ойысу басым міндеттердің бірі екенін де жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы