Zhas Project. "Болайын деген баланың, бетінен қақпа, белін бу"

27 Ақпан 2019, 20:53
2836
Бөлісу:
Zhas Project. "Болайын деген баланың, бетінен қақпа, белін бу"

Астана, BAQ.KZ. Басымдық еш жерде оқымайтын және жұмыс істемейтін, не табысы төмен жастарға беріледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді. 

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы Жастар корпусын дамыту жобасын үйлестіру агенттігімен бірлесіп, Zhas Project жаңа жобасын ұсынды. Кездесуге он үкіметтік емес ұйымның 30 өкілі қатысты. 

Zhas Project – бұл өз жобаларын іске асыруға, өзіндік әлеуетін және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға, дамытуға мүдделі 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. 

Жобада төрт бағыт бар: жастарға әлеуметтік жобаларды іске асыруға 1 млн теңгелік гранттар мен әлеуметтік стипендияларды беру; жастарды өмірлік маңызды дағдыларға және жобаларды басқаруға оқыту; жастардың осал топтарымен жұмыс істеу; проблемаларды шешудің ақпараттық-түсіндіру науқанының және кері байланыс механизмін үйрету. 

Жастар өмірлік тәжірибе, өз жобаларын жүргізуді үйрену және жобаларды басқару сияқты үш бағытты оқудан өтеді. Олар өз жобаларын алты ай ішінде жүзеге асырып, стипендия алады. ЖОО түлектері – 60 мың теңге, қалғандары 40 мың теңге алады. Одан бөлек, өз жобаларын жүзеге асыру барысында білікті мамандардан қолдау алатын болады.

 Басымдық оқымайтын және жұмыс істемейтін, не табысы төмен жастарға беріледі. Жобаны іске асыру шеңберінде конкурсқа қатысатын ұйымдарды, менторларды іріктеу және жастарға арналған гранттық байқау өтеді. 

Қосымша ақпарат: +7 702 615 21 55;

Өзгелердің жаңалығы