Жас қыздарға тоқыма өнерін ғасыр жасаған әже үйретеді

7 Наурыз 2021, 06:29
1878
Бөлісу:
Жас қыздарға тоқыма өнерін ғасыр жасаған әже үйретеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ғасыр жасаған әже әлі күнге дейін тігін тігіп, қазақтың дәстүрлі тоқыма өнерін жастарға үйретіп жатыр.

Алматы арнасының хабарлауынша, кейуана бала күнінен көрпе құрап, кестелеуді кәсіп еткен.Тоқыма өнерінен бөлек, Камила әженің жарық көрген кітаптары, поэзиялық жыр жинақтары бар. Бүгінде Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі. Абыз ана әйелдерді төл мерекесімен құттықтап, ақ батасын берді.

Қыз баланың ерте жастан тірлікке үйренгені дұрыс. Тез қағып алады. Өскен сайын кәсіп үйренуі қиындай түседі. Тігін тігу өнері менің дарыным деп білемін, – деді зейнеткер Камила Қасымова.

Өзгелердің жаңалығы