Бүгін Алматы облысындағы Қонаев қаласындағы Республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында Жас геологтардың I республикалық дала олимпиадасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Шараның ұйымдастырушылары «Kazakhmys Barlau» ЖШС және «Жас геолог» Корпоративтік қоры, сондай-ақ ҚР Индустрия және инфрақүрылымдық даму министрлігінің геология комитетінің, Алматы облысының әкімдігі, Kazakhmys корпорациясының, «ERG» ЖШС, Kazzinc» ЖШС қолдауымен.
Олимпиаданың мақсаты - жастарды бағыттау, геологияны ғылымына қызығушылық арттыру, дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету, оқушыларды елдегі геоэкология және табиғи қазбаларды қорғау проблемасына назар аударту, сондай-ақ Отансүйгіштікке баулу.
Олимпиадаға Қазақстанның барлық түкпірінен 16 команда мен 200-ден аса бала қатысуда. Олар 9-11 сынып оқушылары. Қатысушылар палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия және петрография, пайдалы қазбалар геологиясы сынды түрлі дисциплина бойынша білімдерін сынайды. Жеңімпаз командалар грамотама, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады, - делінген баспасөз хабарламасында.
Геологияға деген қызығушылық тек ғылым ретінде емес, сондай-ақ экономиканың маңызды саласы ретінде қарастырылып, жас балалар үшін жетістіктерге жетіп, ғылыми жаңалықтар ашуға стимул болуы тиіс. Бұл олимпиада дәстүрлі түрде өтіп, жылдан жылға жас геологтар санын көбейтуге сеп болады, - деді «Жас геолог» КҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалым Нұржанов.
Мұнымен қоса, жеке есептегі жеңімпаздар Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Сафи Утебаев атындағы мұнай және газ Атырау университетің геологиялық мамандықтарына грант ұтып алу мүмкіндігіне ие болмақ.