Жас фермер шаруа қожалығының 70 пайызын цифрландырмақ

25 Қаңтар 2019, 11:50
2428
Бөлісу:
Жас фермер шаруа қожалығының 70 пайызын цифрландырмақ

Астана, BAQ.KZ. Павлодар ауданы Жаңа қала ауылының жас фермері сүт өнімдерін өндіруді дамытпақ. Бұл туралы Рavlodarnews.kz сайты жазды.

«Жаңа Қала» ЖШС-де сүт өндірісіне жауапты фермер 24 жастағы Ардақ Қажаттың айтуынша, шаруа қожалығы даму үстінде. Өткен жылы Елбасының жолдауына сәйкес, жұмыскерлердің жалақысын 30 пайызға көтерген.

Жас фермер шаруа қожалығының цифрландыру деңгейін көтеріп, өзгеріс жасамақ.

«Кәсібімізді жан-жақты дамытатын боламыз. Алайда, негізгі бағытымыз – сүт өндіру. Қазіргі кезде қожалығымызда «Елочка» атты автоматты сауу кешенді құрлығысы бар. Мен бірақ цифрландыруды одан да жоғары деңгейге көтергім келеді. Жуырда ғана Германияда өткен әлемдік технологиялар көрмесіне қатыстым. Көріп-білгенім көп. Жалпы, Қазақстанның климаттық жағдайын, қызмет көрсету деңгейін ескере отыра шаруа қожалығын 100 пайыз цифрландыру мүмкін емес. Шамамен 70 пайызға жеткізуге болады. Мен сол деңгейге жетуді мақсат тұттым», - дейді Ардақ Қажат.

Айта кетейік, Ардақ Қажат қызмет атқаратын «Жаңа Қала» ЖШС қазіргі уақытта 600 басты сүтті сиыр бар. Күніне 7-8 тонна сүт шығарып, жергілікті «ФудМастер» компаниясына өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы