Жас депутат Мәди Ахметов өзіне қатысты өтірік ақпарат таратып, хайп іздеп жүргендер туралы айтты

25 Қаңтар 2022, 12:27
3744
Бөлісу:
Жас депутат Мәди Ахметов өзіне қатысты өтірік ақпарат таратып, хайп іздеп жүргендер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов өзіне қатысты жалған ақпарат таралып жатқаны туралы Instagram парақшасында жазды.

Әлеуметтік желілерде жас депутат Мәди Ахметов Президент Тоқаевтың құрметіне Алматының бір көшесін атау керегін ұсынды деген ақпарат тарап жатыр. Осы хабарламаға қатысты депутат пікірін білдірді.

Достар, соңғы күндері әлеуметтік желіде «өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай» қылып, айтпағанды айтқызып, маған қатысты жалған ақпаратты таратып жатқандар бар. Арсыз жолмен лайк қуып, хайп іздеп, өзгеге хейт жасап, подписчик жинап, пікір көбейтіп жүргендердің бірде-бір сөзі шындыққа жанаспайды. Әр нәрсенің жөні бар, басынып, шеттен шығудың қажеті жоқ, - деді Мәди Ахметов.

Ол оқырмандарынан, халықтан, ақпараттың рас-өтірігін анықтап, ресми ақпаратқа сеніп, фейкке ермеуді сұрады.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін 20 АЕК (58 400 тг) сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.

Өзгелердің жаңалығы