Жарылыс па: Алматыда қатты гүрсіл тұрғындардың зәресін ұшырды

Кеше, 23:10
306
Бөлісу:
Жарылыс па: Алматыда қатты гүрсіл тұрғындардың зәресін ұшырды
Фото: видеодан кадр

Алматыда Орталық стадионда жарылысқа ұқсас қатты гүрсіл тұрғындардың зәресін ұшырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, "жарылыс" – стадионда кино түсірілімі барысында қолданылған пиротехника жұмыстарының нәтижесі екендігі айтылды.

Орталық стадионда кинофильм түсірілді, оның барысында арнайы эффектілер қолданылды. Барлық жұмыстар белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес жүргізілді. Стадион штаттық режимде жұмыс жасап тұр, - деп түсіндірді Алматы қаласы спорт ғимараттары дирекциясы.

Өзгелердің жаңалығы