Павлодарда сауда үйінен адамдар шұғыл түрде эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД-ның баспасөз мәліметінше, 3 наурыз кешкі 18:02-де "Гулливер" сауда үйінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Полиция күштерімен адамдарды эвакуацияланды. Оқиға орында ТЖД-ның 17 адамы мен 3 техникасы, 102, 103 қызметтері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері және апаттар медицина бригадасы бар, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр.