Нью-Йорктен шыққан American Airlines ұшағы бортта жарылғыш заттың болу қаупіне байланысты шұғыл түрде Римге қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC News-ке сілтеме жасап.
Борт Нью-Делидегі Индира Ганди атындағы халықаралық әуежайға бағыт алғаны белгілі болды.
Ұшақ Римдегі Леонардо да Винчи атындағы әуе айлағына сәтті қонғаны айтылды.
Жолаушыларымыздың қауіпсіздігі мен қорғанысы – біздің басты басымдығымыз. Жолаушыларымызға түсінгендері үшін алғыс айтамыз, - делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.
Электрондық поштаға бортта жарылғыш заттың бар екендігі туралы хабарлама келген. Үндістан билігі ұшақты Нью-Делиге қонғанға дейін тексеруге көндірген.
Бортта 199 жолаушы болған. Олардың ішінде 15-і – экипаж мүшелері.
Жолаушылар мен ұшақ іші тексерістен өткізіліп жатыр.