Жартылай марафоннан әлем чемпионаты күзге қалдырылды

30 Наурыз 2020, 10:18
1231
Бөлісу:
Жартылай марафоннан әлем чемпионаты күзге қалдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 наурыз күні Гдында (Польша) жартылай марафоннан әлем чемпионаты жалауын желбіретуі тиіс еді. Ұйымдастырушылар жарыстың уақытын кейінге шегерді, деп хабарлады Olympic.kz. 

Польша жерінде тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отырған дода көктемнен күзге ауыстырылды. Коронавирус пандемиясына байланысты енді байрақты бәсеке 17 қазан күні өтеді.

Айта кетерлігі, әлем чемпионатын өткізуші әр ел ерлер мен әйелдер құрамасынан бес-бес спортшыдан қатыстырады.


Өзгелердің жаңалығы