Жарты жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды

17 Наурыз 2021, 09:45
1980
Бөлісу:
Жарты жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарты жыл іздеуде жүрген сотталған Алматы-Өскемен пойызында ұсталды.

Шығыс Қазақстанда пробация қызметкерлері 6 айдан астам уақыт іздеуде жүрген сотталушыны ұстады. Пробация қызметінің қызметкерлері Көкпекті ауданының полиция бөлімімен бірлесіп, «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күні бұрын іздеуде жүрген сотталған адамды ұстады.

20 жастағы сотталған 2020 жылы алаяқтық үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілген. Бірақ сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ол пробация қызметіне есепке тұруға келмеген. Осыдан кейін оған іздеу жарияланған.

Қызметкерлер оны Алматы-Өскемен пойызында ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деді әділет аға лейтенанты Марат Төлепбергенов.

Айта кетейік, 15-24 наурыз аралығында ШҚО-да «Пробация» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Мақсаты-құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу.



Өзгелердің жаңалығы