Жарты миллионнан астам адам туристік пойызға турлар сатып алды

19 Ақпан 2025, 18:39
241
Бөлісу:
Жарты миллионнан астам адам туристік пойызға турлар сатып алды
Фото: Kazakh Tourism

"Jibek Joly" теміржол туры іске қосылғаннан бері 540 турист саяхаттың бұл түрін таңдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба Орталық Азияның көрнекті бренді бола алатын перспективалық туристік өнім ретінде өзін танытты.

Бұл туралы Алматы қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлы, "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Оңтүстік" аймақтық филиалының директоры Руслан Жалғасбай және "Қазақстандық туризм индустриясы" республикалық қауымдастығының төрағасы Мунирам Ахметова мәлімдеді.

Өткен жылдың қараша айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы "Jibek Joly" трансшекаралық теміржол туры іске қосылды.

Оған жергілікті туристер ғана емес, шетелдіктер де қызығушылық танытуда. Түркия, Қырғызстан, Украина және Ресей тұрғындары туристік пойызбен саяхаттады.

Спикерлердің айтуынша, бұл жоба аймақтық туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ұсынады, мәдени байланыстарды нығайтуға және туристік ағынды арттыруға септігін тигізеді.

Бүгінде туристік пойыздың Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі саяхаты сәтті жүзеге асты.

Бұл жолы бағдарға Орталық Азиядағы көне қалалардың бірі Тараз қосылды. Үшінші сапар Наурыз мерекесіне жоспарланған.

"Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы" бағдары бойынша саяхатқа 300 турист аттанады. Турлар сатылымы тәмамдалуға жақын, бұл саяхатшылар арасында туристік пойызға сұранысты көрсетеді. Халықаралық турдың ұзақтығы бес күнді құрайды.

Саяхатшылар ежелгі қалалардың ерекше атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының ізімен саяхаттайды және екі елдің көрікті жерлерін аралайды.

Спикерлер теміржол турының басты артықшылықтарының бірі жайлы орналастыру екендігін атап өтті.

Саяхатшылар пойызда түнейді, онда ыңғайлы демалу үшін барлық жағдай жасалған.

Бұл уақытта құрам өз бағдары бойынша қозғалады және туристерге экскурсияларға уақытты тиімді пайдалану мүмкіндік беріледі.

Тур құрамында гид қызметі, тамақтану, көрнекі орындарға кіру билеттері де қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы