Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті фермерлер өз өнімдерін&nbsp;жексенбі күні ұсынатын болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.</h4>

 19 Сәуір 2019 2019, 11:40
19 Сәуір 2019 2019, 11:40
2399

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті фермерлер өз өнімдерін жексенбі күні ұсынатын болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

21 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлікті құны нарықтықтағыдан 10%-ға төмен бағамен сатып ала алады», - делінген қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарламасында.

Жәрмеңке елордалық әкімдік ғимаратының алдындағы алаңында және халыққа қызмет көрсету орталығының іргелес аумағында (Сауран көшесі, 7) өтеді.

Наверх