Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жәрмеңкеде қызылордалықтар сиыр етін 2500 теңгеден сатып алды

30 Қараша 2025, 19:48
667
Бөлісу:
 Сауда және интеграция министрлігі
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Қызылорда қаласында Қармақшы және Шиелі аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Таңғы сағат 08:00-де басталған жәрмеңкеде аудан еңбеккерлері өндірген табиғи әрі сапалы өнімдер қала тұрғындарына базар бағасынан 15-30 % төмен бағада ұсынылды.

Жәрмеңкеде тұрғындар үшін Шиелі ауданынан 88 тоннадан астам өнім әкелінген. Атап айтқанда, 20 тоннадан астам күріш, 10 тонна бақша өнімі, 25 тонна көкөніс, 30 тонна картоп, 2 тоннадан астам ет, сүт өнімдері, 2 тонна бакалея өнімдері жеткізілді.

Ал Қармақшы ауданынан 150 тоннаға жуық өнім тиелген 45 автокөлік жеткізілді. 25 тонна күріш, 80 тонна бақша өнімдері, 2 тонна жеміс-жидек, 1 тонна ет сатылымға шығарылды.

Шаруалар өз өнімдерін тұрғындарға тиімді бағамен ұсынды. Мәселен күріш 370 тг/кг, сиыр еті 2300/2900 тг/кг, жылқы еті 2300тг/кг, картоп 180 тг/кг, сәбіз 200 тг/кг, пияз 110 тг/кг, қырыққабат 150 тг/кг, қызанақ 350 тг/кг, балық 1300 тг/кг, ірімшік 2500/кг, қауын қарбыз 150 тг/кг сатылды.

Өзгелердің жаңалығы