Жармада 400 орындық мәдениет үйі салынады

12 Қыркүйек 2020, 02:49
2437
Бөлісу:
Жармада 400 орындық мәдениет үйі салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданына қарасты Әуезов кентінде 400 орындық мәдениет үйі салынады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Жарма ауданына қарасты Әуезов кентінде көше жолдары жөндеуден өтуде. Жөнделіп жатқан жолдың ұзындығы 1200 метрді құрайды.  Аудан басшысы жұмыс сапарымен Әуезов кентінде болып, бірқатар әлеуметтік нысандардағы құрылыс жұмыстарымен танысқан.

Айтуынша, қауырт жұмыс кестеге сай жүргізілуде.

Биыл «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында кенттегі көше жолдарын қалыпқа келтіру, Бақыршық орта мектебін күрделі жөндеу және жаңа мәдениет үйінің құрылысы қолға алынған болатын. Жалпы ұзындығы 1200 метр қашықтықты құрайтын көше жолдарының құрылысы бүгінде аяқталуға жақын. Яғни, мердігер асфальт төсеу жұмыстарын жүргізіп, таяу күндері қолданысқа бермек, - дейді аудан әкімі Ахметқали Ахашұлы.
Мектеп ғимаратын жөндеу жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр.
Жауапты мердігер жұмысты жауапкершілікпен орындай отырып, қараша айында қолданысқа беруді жоспарлауда. Одан бөлек, 400 орындық мәдениет ошағының құрылысы қызу жүруде. Бүгінде нысанның орнын әзірлеп, іргетасын қалау жұмыстарына кіріскен. Жауапты серіктестік нысанның негізін биыл қалауды көздеп отыр. Жоспарлы жұмысқа сәйкес бұл орын келер жылдың тамыз айында қолданысқа берілуі тиіс, - дейді аудан әкімі.

 

 

Өзгелердің жаңалығы