Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Жақсылыққа жұмылған күш": Аида Балаева волонтерлерді мерекемен құттықтады

Бүгiн, 11:14
162
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі кезде волонтерлік қозғалыс еліміздегі қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Сіздер мәдениет пен білім, экология мен медицина, әлеуметтік қолдау мен қайырымдылық салаларының дамуына үлес қосып келесіздер. Кейінгі жылдары Қазақстанда волонтерлікті мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесі қалыптасты, ол әрқашан мемлекеттік саясаттың назарында. Дәл бүгін БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы Штаб-пәтерінде Орнықты даму жолындағы Халықаралық волонтерлер жылы ресми бастауын алады. Біз аталған жылды жариялау бастамасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқанын мақтан тұтамыз, - деп жазды ол.

Министрдің айтуынша, Қазақстан үшін Халықаралық жыл орнықты даму мақсаттарын іске асырудағы волонтерлердің рөліне баса назар аудара отырып «Бірге – тұрақты болашақ үшін!» ұранымен жақсылық пен бірліктің жалпыхалықтық мерекесіне айналады.

Атаулы жыл жаһандық серіктестік рухында жаңа мүмкіндіктер ашатынына және миллиондаған адамдарды тұрақты, әділ және бейбіт әлем құрудың ортақ ісіне қатысуға шабыттандыратынына сенімдіміз. Мемлекет сіздердің белсенділігіңізді, азаматтық ұстанымыңыз бен жасампаз істеріңізді жоғары бағалайды. Біз волонтерлік бастамаларды одан әрі қолдаймыз және даму үшін мүмкіндіктерді арттырамыз. Барлық волонтерлерге еліміздің дамуына қосқан үлесі, табандылығы, мейірімділігі мен өз ісіне адалдығы үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің игі істеріңіз әрқашан құрмет пен қолдау тауып, адамдарға қуаныш пен шаттық әкелсін. Сіздерге зор денсаулық, амандық, күш-қуат және қоғамға қызмет ету жолында табыс тілеймін! - деді Аида Балаева.

Өзгелердің жаңалығы