"Жақсылап чемоданымызды ақтарған" Алматы әуежайында қомақты ақша ұрланған

Бүгiн, 16:08
448
Бөлісу:
"Жақсылап чемоданымызды ақтарған" Алматы әуежайында қомақты ақша ұрланған
Фото: видеодан кадр

Алматылық гинеколог Жанна Төремұрат Дубайға барар кезде жайсыз жағдайға тап болғанын жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол ұшар кезде чемоданын шатастырып алмас үшін әдейілеп ауызын күлгін жіппен байлаған. Алайда ұшақтан түсіп, жүгін алған кезде оның ашылып тұрғанын және ақшасының ұрланғанын түсінген.

3:50-де ұшатын рейске біз кешігіп қалмайық деп сағат 1 болмай келдік. Үш сағат бұрын багажымызды алдын ала өткізіп жібердік. Сөйтсек, жүгіміз әуежайда үш сағат жай тұрмаған екен. Жақсылап чемоданымызды ақтарған. Жиналған кезде “сұр чемодандармен шатастырып алмайық” деп анам әдейіліп лента жіппен ұстайтын жеріне белгі салып қойды. Тура осындай жіппен екі замокты ашылып кетпесін деп бір біріне қысып байлап тастады. Тіпті сол кезде мен “ертең аша алмай қап жүрмейікші” деп күлгенмін. Қонған кезімізде паспорттық бақылаудан өткенше, чемоданымызды бірден әкеліп қойды. Чемодан тек Алматыда ғана 3 сағат багаждар бөлімінде тұрды. Жүгімізді алсақ, құлпы ашық тұр. Анам бірден байқап: “ашылып қалуы мүмкін емес” деді. Мен болсам “не болсада қонақүйге жетіп алғасын ішін көрейік, бәлкім жіп түсіп қалған шығар” дедім”, – деп шағымданды алматылық.

Белгілі болғандай алматылық тұрғынның чемоданынан 200 доллардай шамамен 100 мың теңгеге жуық ақша ұрланған. Әлі елге оралмағандықтан ол әзірге шағымданып үлгермеген. 



 

Өзгелердің жаңалығы