Жапонияның оңтүстігінде 6 балдық жер сілкінісі тіркелді

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер асты дүмпулері 20 шақырым тереңдікте орын алған.

 istockphoto.com Бүгiн 2026, 04:18
Бүгiн 2026, 04:18
363
Фото: istockphoto.com

Жапонияның оңтүстігіндегі Жанартау аралдары аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 12:55-те 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер асты дүмпулері 20 шақырым тереңдікте орын алған. Құрбандар мен материалдық шығындар туралы ақпарат жоқ, цунами туралы ескерту жарияланбаған.

Жанартау аралдары Токиодан оңтүстікке 1250 шақырым қашықтықта орналасқан, архипелагта тұрақты бейбіт тұрғындар жоқ, жалғыз тіршілік ету орны – Ио аралына (Иво Джима) орналасқан Жапония әскери базасы.

Наверх