Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жапонияның батысында 6,4 балдық күшті жер сілкінісі болды

6 Қаңтар 2026, 19:52
379
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Жапонияның батысындағы Симанэ және Тоттори префектураларында магнитудасы 6,4 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Цунами қаупі анықталған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ Kyodo басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің мәліметінше, Симанэде төрт адам, Тотториде бір адам, ал көршілес Хиросима мен Окаяма өңірлерінде тағы үш тұрғын жарақат алған.

Зілзала сағат 10:18-де, 11 шақырым тереңдікте тіркеліп, артынан 5,1 және 5,4 магнитудалы қайталама дүмпулер болды, - деп хабарлаған Жапонияның метеорологиялық агенттігі. 

Мамандар сейсмикалық белсенділік әлі де жоғары екенін ескертіп, алдағы күндері жаңа жер сілкіністері болуы мүмкін екенін айтты.

Зардап шеккен өңірлерде ғимараттар мен инфрақұрылымға зақым келді, кей қалаларда ауызсу сапасы нашарлаған. Үкімет жағдайды бақылауға алып, арнайы үйлестіру штабы құрылды. Симанэ атом электр станциясында ақау тіркелген жоқ, көлік қозғалысы уақытша тоқтатылғанымен, кейін қайта жанданды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 6 қаңтар күні Қырғызстан аумағында да магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы