Жапонияның үкімет мүшелері жалақыларының бір бөлігін қазынаға қайтарады

17 Сәуір 2020, 07:49
1990
Бөлісу:
Жапонияның үкімет мүшелері жалақыларының бір бөлігін қазынаға қайтарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мен үкімет мүшелері табыстарының 20-30%-ын қазынаға өз еріктерімен қайтарып жатыр, деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Бұл туралы министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихиде Суга баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтқан. Журналистер бас хатшыдан "Жаңа типтегі коронавирустың салдарынан экономикалық проблемалар орын алып жатқанда, министрлер өз табыстарымен бөлісуі мүмкін бе?" деп сұрағанда, ол:
Премьер-министр өз жалақысы мен сыйақысының 30%-ын әне-міне бюджетке қайтарғалы отыр. Министрлер кабинеті 20% табыстарын қайтарады. Мен парламент депутаттары да осы мәселені талқылап жатыр деп естідім, – деп жауап берген.
Жапония премьер-министрінің айлық жалақысы 30,5 мың доллар. Ал министрлердің айлығы 22,7 мың доллар. Жалпы, Жапонияда мұндай оқиғалар қалыпты жағдай боп есептеледі. Өз айлық жалақыларының белгілі бір бөлшегін халықтың қамы үшін қазынаға қайтару оларда 2011 жылдан басталған.
Өзгелердің жаңалығы