Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияға Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың алғашқы легі келді, деп жазды Хабар24.
Бүгін Австралияның футболдан әйелдер құрамасы мінген ұшақ Токионың Нарита халықаралық әуежайына қонды. 30 адамнан құралған команданың барлық мүшесі алдын ала коронавирусқа қарсы екпе қабылдаған.
Атлеттер Гумма префектурасының Ота қаласына жайғасты. Спортшылар 3 күн қонақ үйде демалып, маусымның 5-інен бастап жаттығуларына кірісетін болады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша спортшылар дайындық ретінде 12 матч өткізетін болады.