Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Жапония коронавирус кең тарап жатқан шет елдердің қатарында тұр.
Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин қазақстандықтарға саяхатқа бармауға кеңес берген елдердің қатарында да Жапония бар. Айтуынша, жақында бұл елден келген қазақстандықтар қазір елордадан 7 км жерде орналасқан бос ғимаратта карантинде жатыр.
Қазақстанға Жапониядан келген азаматтар Нұр-Сұлтаннан 7 шақырым қашықтықта орналасқан ғимаратта карантинге жатқызылды. Ол орын жақсы жабдықталған. Пайдалануға берілгеннен бері бос тұрған. Қазір бізде ауру түрлерінің деңгейі төмендеп келеді, - деді Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасының Ухань қаласынан Украинаның ұшағы арқылы Қазақстанға жетуі керек болған Қазақстанның екі азаматының біреуі дене қызуы көтерілді деген күдікпен қалып қойған болатын. Әлі күнге дейін отандасымыз сол жақта.
Біздің Сыртқы істер министрлігіміздің көмектесуімен украиналық лайнермен келуі жоспарланған Қазақстанның екі азаматының біреуінің дене қызуы көтерілді деген күдікпен қалып қойған болатын. Бірақ кейін көтерілмеген болып шықты. Дегенмен ол қазір медициналық бақылауда. Қайта тексеру жүргізіліп жатыр. Ал елге украиналық лайнермен келген бір азамат 14 күн карантинге жатқызылды, - деді бас санитар.