Жапонияның Кюсю аралындағы Оита қаласында болған үлкен өрт шамамен 170 ғимаратты толығымен жойып жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ Bild басылымына сілтеме жасай отырып.
Саганосеки ауданы толығымен өртеніп, 76 жастағы бір тұрғын қаза тапты.
Өрт сейсенбі күні кешке басталып, сәрсенбіге дейін жалғасты. Жалын жылдам тарады, себебі аудандағы ғимараттардың көпшілігі ағаштан салынған және бір-біріне өте жақын орналасқан. Сондай-ақ көрші түбектегі орманды аймаққа да тарады.
Біз оқиға орнына жеткенде, бәрі өртеніп жатқан еді. Үлкен ұшқындар ұшып, өрт сөндіру шлангілері мен жабдықтары жанып жатты, өрт сөндірушілер эвакуациялануға мәжбүр болды, - деді Оита өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Тошиюки Шуто.
Өрт 49 гектар аумақты шарпыды. Қазір билік баспанасыз қалған тұрғындарды қайта орналастыру жұмыстарын жүргізуде.