Алматы, BAQ.KZ. Оқиға салдарынан катерде 15 см жарықша пайда болып, 80 адам зардап шеккен. Бұл туралы The Japan Times хабарлады.
Сағатына 80 шақырымды жылдамдықпен жүріп келе жатқан жолаушылар катері Ниигата қаласынан Садо аралына бет алған. Бортта 121 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған.
Мәлімет бойынша, кеме жүріп келе жатып китпен соғылысқан. Дегенмен зақымдалғанына қарамастан жүруді тоқтатпаған.
Жапонияда бір қаладан екіншісіне тез жету үшін жоғары жылдамдықпен жүретін кемелерді қолданатын көрінеді. The Japan Times басылымының жазуынша, апатқа ұшыраған кеме сағатына 80 шақырымды жылдамдықпен жүре алады екен.