Жапонияда жер сілкінді

18 Сәуір 2024, 04:08
444
Бөлісу:
Жапонияда жер сілкінді
Фото: trt.net.tr

Жапонияның батысында Сикоку аралында магнитудасы 6,4 балды құраған жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, бұл туралы жапониялық метеорология агенттігі JMA мәлімдеген.

JMA мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 23:14-те тіркелген. Эхиме және Коти префектураларының жеке аудандарында олардың деңгейің жапондық 7 балдық сейсмикалық қарқындылық бойынша «6 балдан төмен» деңгейді көрсетті.

Жер сілкінісінің ошағы Кюсю және Сикоку аралдарын бөліп тұрған Бунго шығанағындағы Эхиме префектурасының жағалауында екендігі анықталды.

Цунами қаупі жоқ.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен бүлінулер туралы ақпарат түспеген.

Өзгелердің жаңалығы