Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жапонияда жер сілкінді

Бүгiн, 13:05
111
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Хоккайдо аралының жағалауында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулерінің эпицентрі Хоккайдо аралы маңында, Хатинохе қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде орналасқан. Бұл қала Аомори префектурасының солтүстігінде орналасқан, онда шамамен 239 мың адам тұрады. Жер сілкінісінің ошағы 62 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер немесе қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы