Биліктегі Либералды-демократиялық партияның (ЛДП) жетекшісі Санаэ Такаити Жапония премьер-министрі қызметіне қайта сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Дауыс беру кезінде парламенттің басты төменгі палатасында 464 депутаттың 354-і оған дауыс берген.
Санаэ Такаити Жапония премьер-министрі қызметіне алғаш рет 2025 жылдың 21 қазанында келген. Ол бұл қызметті атқарған ел тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр атанды. Такаити Либералды-демократиялық партия атынан үкімет құрып, коалиция жасақтады және өзіне бәсекелес болған бірқатар саясаткерді қорғаныс пен қаржы секілді маңызды министрлік қызметтерге тағайындады.
Санаэ Такаити 1961 жылғы 7 наурызда Нара префектурасындағы Яматокорияма қаласында зауыт жұмысшысы мен префектуралық полицияда қызмет еткен кеңсе қызметкерінің отбасында дүниеге келген.
Ол Кобе университетін тәмамдаған, АҚШ-та жұмыс істеген, кейін Мацусита институтында оқып, біраз уақыт тележүргізуші болған. Содан соң бірнеше министрлікті басқарған табысты саяси мансабын бастаған.