Жапонияда United Airlines әуе компаниясының Boeing 737 лайнері жүк бөліміндегі өрт дабылы салдарынан шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Ұшақ Нарита әуежайынан (Токио) Филиппинге бет алған. Төтенше жағдай кезінде ұшақ бағытын өзгертіп, Кансай әуежайына (Осака маңы) жергілікті уақытпен 12 қыркүйек сағат 19:00-де қонды.
Барлық жолаушылар мен экипаж дер кезінде эвакуацияланды. Оқиға салдарынан екі адам жарақат алды.
Авиакомпания алғашқы техникалық тексеріс барысында ұшақта өрт белгілері анықталмағанын хабарлады.
Айта кетейік, бір күн бұрын American Airlines ұшағы құстармен соқтығысуына байланысты Филадельфия халықаралық әуежайына қайтып оралған еді.