Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония астанасы Токиодағы «Дайго Фукурю Мару» музейінде Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күніне, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 29 жылдығына орай арнайы фотокөрме ашылды. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.
Атаулы күнге орай ұйымдастырылыған фотокөрмені 5 қыркүйекке дейін тамашалауға болады. Көрменің фотосуреттерінде Семей полигонындағы сынақтарды өткізу тарихы мен оның алапат салдарын көрсететін туындылар қойылған.
Сонымен қатар онда 1989 жылы ақпан айында құрылып, ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат еткен «Невада-Семей» қозғалысына қатысты фотосуреттер де қойылған.