Жапония Метеорологиялық агенттігінің хабарлауына қарағанда жер сілкінісі Хоккайдо жағалауында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 18:55-те болған. Сондай-ақ,
Ацума, Читосе және Уракава қалаларында 5 баллға дейінгі жер сілкінісі сезілді. Жер сілкінісінің ошағы Уракава жағалауына жақын 140 км тереңдікте орналасқан.