Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жапония жағалауында жер сілкінді

Бүгiн, 13:12
97
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Жапонияның Иватэ префектурасы жағалауында магнитудасы 6 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы сәрсенбі, 31 желтоқсанда АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Нода елді мекенінің жағалауынан шығысқа қарай 91 шақырым жерде орналасқан.

Жерасты дүмпулерінің ошағы 19 шақырым тереңдікте болған.

Жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар немесе қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Цунами қаупі жөнінде ескерту жарияланбады.

Жапонияның метеорологиялық агенттігі (JMA) жер сілкінісінің магнитудасын 5,7 деп бағалады.

Өзгелердің жаңалығы