Жапонияның премьер-министрі Санаэ Такаити ЛДП партиясы үш ядролық қарудан бас тарту қағидатынан айныту мүмкіндігін талқылай бастайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Mainichi агенттігінің мәлімдеуінше, үкімет басшысы елге ядролық қаруды енгізуге тыйым салу АҚШ-тың ядролық тежеу күшін әлсіретеді деп отыр. Ал Жапонияның қауіпсіздігі осы тежеуге тәуелді.
Қазіргі жағдайда америкалық әскерилер Жапония аумағындағы базаларға да, жапон порттарына кіретін кемелерге де ядролық оқтұмсықтар орналастыра алмайды.
Бұған дейін парламент депутаттары да АҚШ президенті Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатқа байланысты Жапония өз ядролық әлеуетін қарастыруы мүмкін екенін айтқан еді.