Жапонияның Гунма префектурасындағы жоғары жылдамдықтағы жолда болған автомобиль апатынан кейін өрт жеті сағатқа созылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Kyodo News агенттігінің ақпараты бойынша, алпыс жеті көлік соқтығысты.
Полицияның мәліметінше, апаттан екі адам қаза тауып, 26 адам жарақат алды, олардың бесеуі ауыр халде.
Ауыр апат Кан-эцу жоғары жылдамдықтағы жолда бір жүк көлігі апат салдарынан жол бойында тоқтап қалған екінші жүк көлігіне соғылғаннан кейін болды. Қалған көліктер мұзды жолда тайғанап кетті. Соқтығысу салдарынан жиырма көлік өртенді.
Полицияның мәліметінше, соқтығысқан көліктердің қатары шамамен 300 метрге созылды. Кейіннен тас жолдың бөлігі күні бойы жабылды.
Оқи отырыңыз: