Жапония Қазақстаннан келген туристерді міндетті карантинге жатқызбақ

25 Мамыр 2021, 16:10
2531
Бөлісу:
Жапония Қазақстаннан келген туристерді міндетті карантинге жатқызбақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония үкіметі Дания, Ұлыбритания, Қазақстан және Тунис елдерінен келген туристерге міндетті үш күндік карантин енгізеді, деп хабарлады Kyodo News.

Карантиндік шаралар туралы шешімді сейсенбі күні үкіметтің бас өкілі Кацунобу Като қабылдады. Сонымен қатар басқа да бірнеше мемлекет азаматтарына жаңа шектеулер енгізіледі.

Алдағы жұмадан бастап Үндістан, Шри-Ланка, Непал, Пәкістан, Бангладеш және Мальдив аралдарының саяхатшыларына арналған карантиндік мерзім 6 күннен 10 күнге дейін ұзартылады, – дейді Министрлер кабинетінің бас хатшысы Кацунобу Като баспасөз мәслихатында.
Бұл енгізілген ережелер елге келгендер мен оралғандардың барлығына қатысты болмақ.

Өзгелердің жаңалығы