Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапония билігі 1 қазаннан бастап коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін жоюды мақұлдады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Тиісті тексеруден өткен тамақтану орындары жергілікті биліктің рұқсатымен алкогольді сусындарды сата алады. Сонымен қатар олардың жұмыс уақыты 21:00-ге дейін ұзартылады. ТЖ режимі 19 префектурада әрекет етеді.
Үндістанның Гоа штаты аймақтың барлық тұрғындарын вакцинациялағаннан кейін туристерді қабылдауды қайта бастайды. Олар вакцинацияны 31 қазанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Гоа Бас министрі Прамод Саванттың айтуынша, аймақ билігі чартерлік рейстерді штатқа алдыртуды қайта бастауға рұқсат сұрады.
Латвия Үкіметі дәрігерлерге, мұғалімдерге және әлеуметтік қызметкерлерге міндетті вакцинация енгізді. Талап 15 қарашадан бастап күшіне енеді. Егер қызметкерлер клиенттермен немесе адамдар көп жиналатын орындарда жұмыс жасайтын болса, әріптестерімен ұзақ байланыста болуды қажет ететін немесе кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасайтын болса жұмыс берушілер олардан вакцинацияны талап ете алады.