Жапония аралдарында жер сілкінді

Жапониядағы Амами аралдарына жақын жерде сейсмологтар магнитудасы 6,0 балды құраған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 18 Қараша 2024 2024, 04:16
18 Қараша 2024 2024, 04:16
789
Фото: pixabay.com

Жапониядағы Амами аралдарына жақын жерде сейсмологтар магнитудасы 6,0 балды құраған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық метеорологиялық басқарманың мәліметіне сүйенсек, Кагосима префектурасында орналасқан аралдағы жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккен адамдар мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

Жер сілкінісінің магнитудасы 6,2-ге жеткен. Цунами қаупі жарияланған жоқ.

volcanodiscovery.co басылымы жер сілкінісін эпиошақ ауданында тұратын адамдар сезді деп жазды.

Айта кетерлігі, жер сілкінісінің эпиошағынан 155 шақырымдағы Косимада 1200-дей адам тұрады.

Наверх