Жанып жатқан үйден 92 жастағы қарт ананы құтқарған полковник марапатталды

1 Қазан 2024, 13:31
342
Бөлісу:
Жанып жатқан үйден 92 жастағы қарт ананы құтқарған полковник марапатталды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыда өрттегі батылдығы мен ерлігі үшін Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрінінің бұйрығымен жеке тұрғын үйдегі өртте адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін ҚР Мемлекеттік күзет қызметкері Дархан Ендібай «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Марапатты министрдің атынан Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы полковник Нұрлан Атығаев табыстады, - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Жанып жатқан үйден 92 жастағы қарт ананы құтқарған полковник марапатталды

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Алматы қаласы Медеу ауданының жеке тұрғын үйіндегі өрт кезінде Дархан Ендібай көршілерінен болған өрт туралы естіп, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін дереу жанып жатқан үйге аттанды. Басқа адамдар абдырап тұрғанда, ол өртеніп жатқан өрт пен қою түтін жағдайында, денсаулығына үлкен қауіп төнетініне қарамастан, жанып жатқан үйге кіріп, тұрғындарды эвакуациялау шараларын жүргізді. Нәтижесінде, уақытылы және дұрыс жүргізілген әрекеттің арқасында 1932 жылы туған қарт әйел құтқарылды.

Осылайша, азаматтық ұстанымын көрсете отырып, төтенше жағдайларда жағдайды тез және дұрыс бағалау қабілетін көрсетті, адамды құтқару жөнінде дұрыс шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы