Жанын қатерге тіккендерге лайықты құрмет көрсетілді

23 Маусым 2022, 11:01
1898
Бөлісу:
Жанын қатерге тіккендерге лайықты құрмет көрсетілді
PHOTO

Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде Қазақстан полициясының 30 жылдығы аталып өтілуде. Осыған орай Қостанай облысының полиция департаментінде полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетуде.

Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Академиясында «Ерлік сабақтары» деп аталатын тағылымды жүздесу өтті. Оған  оқу ордасының түлектері мен әріптестері, қызметте ерекше көзге түскен қаһармандардың туыстары мен жақындары қатысты.

Жанын қатерге тіккендерге лайықты құрмет көрсетілді

 «Ерлік сабақтарына» арнайы қатысқан Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков дәл осындай полицейлердің көзсіз ерліктері жас буынды тәрбиелеуге зор ықпал ететінін атап өтті.

 Бұл - нағыз кәсіпқойдың, патриоттың қалай әрекет ететіндігінің көрсеткіші, жүрек қалауы бойынша азаматтардың тыныштығын  күзетеді, - деп сөзін түйіндеді полиция полковнигі Ерлан Омарбеков.

Сонымен қатар өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін адал атқарып, ерлік үлгісін көрсеткені үшін Лисаков қаласының полиция лейтенанты Айбек Байсапаков «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Ал оның қызметтік әріптесі полиция лейтенанты Азат Нұрғалиевке ІІМ грамотасы табыс етілді.

Бұл көрсетіліп жатқан марапаттың маңызы жоғары. Себебі Лисаков қаласының қос полицейі  қаладағы 9 қабатты үйдің төбесінен секіруге оқталған ер адамды ажалдан құтқарып қалған болатын.

Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының «Алғыс хаты» Жітіқара қаласы полициясының аға сержанты Ерлік Сұрағановқа берілді.

Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков қызметте ерекше көзге түскен қазіргі заманның қаһармандарының ата-аналарына да салтанатты түрде алғыс хаттар табыс етті.

Жанын қатерге тіккендерге лайықты құрмет көрсетілді

Мен ұлым үшін өте қуаныштымын және оны мақтан тұтамын. Ол өз әріптестері мен өскелең ұрпаққа үлгі болады деп үміттенемін, - дейді жітіқаралық полицейдің әкесі Нұрлан Сұрағанов.

Жақында оның ұлы Ерлік Сұрағанов ел Президентінің қолынан «Ерлігі үшін» төс белгісі марапатына ие болған еді. «Ерлігі үшін» медалі тәртіп сақшыларына батырлық әрекеті үшін берілді. 

Жанын қатерге тіккендерге лайықты құрмет көрсетілді

Еске сала кетсек, Ерлік әріптесі екеуі өз өмірін қатерге тіге отырып, өртеніп жатқан үйдің ішінен зейнеткерді аман-есен алып шыққан болатын.

Батылдық пен мінездің беріктігі полиция қызметкерлерінің қиын кезде батыл шешім қабылдаудың ажырамас белгілері екені даусыз. Тәжірибе көрсеткендей, олар өздерінің адами және кәсіби қасиеттері байқалатын ең қиын жағдайларда да тығырықтан жол таба біледі.

Өзгелердің жаңалығы