Жануарларға арналған COVID вакцинасы әзірленеді

14 Сәуір 2021, 13:38
1649
Бөлісу:
Жануарларға арналған COVID вакцинасы әзірленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «QazVac қазақстандық вакцинасын клиникалық зерттеуден өткізу барысы туралы» өткен онлайн баспасөз конференциясы кезінде Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты.

Институтқа (БҚПҒЗИ) жануарларға арналған COVID вакцинасын әзірлеу міндеті қойылды. Жануарлар да ауруды көтере алатындығын және тасымалдаушы бола алатындығын білеміз. Олар адамдарға жұқтырмас үшін мұндай вакцина қажет. Сондықтан институт алдына осындай міндет қойылды, - деп мәлімдеді Мирас Дәуленов.

Айта кетейік, бұған дейін ол бүгінде 244 еріктіде клиникалық зерттеулердің 1-2 кезеңі аяқталып қалғанын, ал үшінші сатыдағы клиникалық зерттеулердің 50%-ы 3000 еріктіде 15 сәуірде аяқталатынын айтқан болатын.

Мамандардың айтуынша, QazVac вирустың барлық мутацияланған штамына қарсы тұра алады. Инактивтендірілген вакцина толығымен вирионнан жасалған және онда ақуыздардың барлық спектрі сақталған. Сондықтан қандай мутация кездессе де, QazVac вакцинациясынан кейін пайда болған антиденелер вирусты танып, оны залалсыздандырады және инфекция туралы ақпаратты сақтайды.

Өзгелердің жаңалығы