Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жантүршігерлік жол апаты: Анасы мен үш айлық сәби көз жұмды

8 Тамыз 2025, 20:45
5667
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Қарағанды облысында жол апатынан анасы мен үш айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2025 жылғы 8 тамыз күні сағат 14:30 шамасында "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автожолының 929-шақырымында жол апаты болды. Қарағанды қаласы бағытындағы бұрылыста "Audi" мен "BMW" көлігі соқтығысқан.

Апат салдарынан "Audi" көлігінде болған 28 жастағы әйел мен оның үш айлық қызы оқиға орнында көз жұмды. 31 жастағы жүргізуші мен оның 8 және 4 жастағы екі баласы (әкесі мен екі бала) медициналық мекемеге жеткізілді, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

 

Өзгелердің жаңалығы