Жантүршігерлік апат: Бағанға соғылып, аударылып қалған көліктегі жолаушы қаза тапты

Орал қаласында көлік бағанға соғылып, аударылып қалған. Салдарынан жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 BAQ.KZ  - архив 10 Қыркүйек 2025 2025, 12:42
10 Қыркүйек 2025 2025, 12:42
719
Фото: - архив

Орал қаласында көлік бағанға соғылып, аударылып қалған. Салдарынан жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы жағдай 8 қыркүйек күні түнгі сағат 01:30 шамасында Сарытау ықшамауданында болған. 

"ВАЗ-2114" автокөлігінің жүргізушісі Күлтегін көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай, жарық бағанасына соғылған. Содан кейін көлік аударылып, сайға түсіп кеткен. Жол апаты салдарынан жолаушы ауруханаға жеткізу кезінде алған жарақаттарынан көз жұмды, – деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі.  

Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу жүргізілуде.

Наверх