Танымал боксшы Жанқош Тұраров әлеуметтік желіде өзіне қатысты ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
3 қыз өсіріп отырған әкемін! Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын! - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін 28 жастағы жәбірленуші танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен арызданған. Алматы қаласының полиция департаменті бұл ақпаратты растаған болатын.
Оқи отырыңыз: