Жанкүйерлер бокстан Азия чемпионатының жүлдегерлерін әуежайдан қарсы алды

Елордалықтар Астана халықаралық әуежайында бокстан Азия чемпионы Айбек Оралбай мен күміс жүлдегер Санжар Тәшкенбайды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

13 Желтоқсан 2024 2024, 16:45
АВТОР
 Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 13 Желтоқсан 2024 2024, 16:45
13 Желтоқсан 2024 2024, 16:45
672
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Елордалықтар Астана халықаралық әуежайында бокстан Азия чемпионы Айбек Оралбай мен күміс жүлдегер Санжар Тәшкенбайды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бокстан 29 қараша-11 желтоқсан аралығында Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 10 алтын, 4 күміс, 6 қола жеңіп алды. Олардың арасында елордалық Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбай да бар.

Көктемде Олимпиадаға дайындық мақсатында Астанада өткен Elorda Cup халықаралық турнирінде алғаш рет +92 келіде өнер көрсеткен едім. Енді, міне, Азия чемпионатында осы салмаққа көтеріліп, топ жардым. Қателіктерімді байқадым. Алдағы уақытта тағы тынбай жаттығып, 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасында бірінші нөмір екенімді дәлелдеуге тырысамын, - деді ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай.

Наверх