Жәнібек Әлімханұлының гонорары белгілі болды

7 Сәуір 2025, 14:32
1008
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлының гонорары белгілі болды
Фото: Жәнібек Әлімханұлының Инстаграм парақшасынан

IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғаған Жәнібек Әлімханұлының гонорары белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Sport Salaries-тің мәліметіне сүйенсек Жәнібек 500 мың доллар алған. Ал Анауэль Нгамиссенгенікі 350 мың долларды құраған. Бұл сома ақылы трансляцияны сатудан түскен қаражатқа байланысты өсуі де мүмкін. 

Жәнібек Анауэльді 5 сәуір күні бесінші раундта құлатқан еді. Сөйтіп, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты.

Нәтижесінде Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабында 17-ші рет жеңіске жетіп, қос чемпиондық белбеуін сәтті қорғап қалды.

Өзгелердің жаңалығы