Кәсіпқой бокста орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) әлеуметтік желіде келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасаған пост жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жекпе-жек күні белгіленді. Жақында қайта көрісеміз, жігіттер, - деп жазыпты боксшы X әлеуметтік желісінде.
Жәнібек кейінгі рет 2024 жылы 4 қазан Аустралияның Сидней қаласында жұдырықтасып, жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) тоғызыншы раундта нокаутқа түмсірген еді.