15 қазан, жексенбі күні таңертең Розенбергте (АҚШ) орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) мен IBF белбеуінің иегері неміс Винченцо Гуальтиери (21-0-1, 7 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Жәнібек кәсіпқой мансабында қарсыласпен салыстырғанда аз жекпе-жек өткізсе де, алғашқы минуттардан Винченцодан шеберлігі әлдеқайда жоғары екенін байқатты. Он екі раундқа жоспарланған шайқасты тең жартысына келгенде Әлімханұлы нокаутпен аяқтады. Төреші Гуальтеридің шарасын күйін көріп, төреші жекпе-жекті тоқтатып тастады.
Осылай, Жәнібек орта салмақта екі чемпиондық белбеуге қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Әлімханұлы өзінің соңғы жекпе-жегінде канадалық боксшы Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта нокаутқа түсірсе, Винченцо Гуальтиери бразилиялық Эскива Фалькаоны (30-1, 20 КО) төрешілер шешімімен ұтқан болатын.