Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан оралады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО)&nbsp;биыл жекпе-жек өткізбейді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="http://prosports.kz/" target="_blank">Prosports.kz</a>.</h4>

 2 Қараша 2020 2020, 14:18
2 Қараша 2020 2020, 14:18
1653

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) биыл жекпе-жек өткізбейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрметті жанкүйерлер! Біздің команда демалысқа кетті. Биылға жекпе-жек болмайды деген хабар алдық. Бұйыртса, келер жылдың басында жұдырықтасамыз! Жеңісті күндерде жүздесейік, - деп жазды боксшы инстаграм-парақшасында. 

Еске салайық, Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 9 қазанда Лас-Вегаста аргентиналық Гонсало Кориаға (16-4, 6 КО) қарсы өткізген болатын. Қазақстандық боксшы екінші раундта нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBO рейтингінде үшінші орынға көтерілген болатын. 

Наверх