Рингте жеңіліп көрмеген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде Лас-Вегаста кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Боксшының бұл жолғы қарсыласы жаңазеландиялық – Андрей Михайлович.
Жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлының қанжығасындағы қос белбеу (WBO және IBF нұсқасы бойынша) сарапқа салынады.
Кәсіпқой бокс кешін «Qazsport» телеарнасы сағат 06:00-де және 07:00-де «Qazaqstan» ұлттық арнасы көрерменге тікелей эфирде ұсынады.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға 15 рет шығып, оның 10-ын нокаутпен жеңген. Ал оның қарсыласы Андрей Михайлович 21 жекпе-жегінің 13-ін нокаутпен аяқтаған.